АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейліктер өз балаларына жаппай Димаштың есімін қоя бастаған[:]

[:kz]

Атағы жер жарған жас әнші Димаш Құдайбергеннің ресейлік тыңдармандары оны жақсы көргені соншалықты, олар талантты қазақ жігітінің есімін балаларына беріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейдің ірі қалаларының бірі Омбыда Димаш есімін алған ұл балалар өмірге көптеп келе бастаған деп жазады superomsk.

Омбы АХАЖ-ның басшысы Наталья Биляченконың айтуынша, қала тұрғындары өз балаларына ерекше, креативті есімдер бере бастаған.

Олардың қатарында Султан, Рафаэль, Мишель, Леон, Мадлен және Димаш деген аттар бар.

Маманның сөзінше, омбылықтар әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ұлдарына Димаш деп жиі ат қоя бастаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін күллі әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да қуантқан еді. Өнер иесі жаңа суреттерімен бөлісіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген.

Сондай-ақ, Димаштың жаңа жыл кешіндегі образы да көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.

Ол кезде әнші ресейлік НТВ телеарнасының «1001 ночь или Территория любви» мюзиклінде ханзада образын сомадаған еді.

Желі қолданушылары өнер иесіне «ханзада» болған жарасатындығын жазып, түрлі пікірлерін жаударған.

Айта кетсек, жақында елордада өткен арнайы аукционда тележүргізуші Динара Сәтжанның Димаштың портретін сатып алғаны белгілі болды.

 

[:]