АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ресми наразылық болмайды»: Қазақстан СІМ Зюгановтың елімізге қатысты айтқан сөзіне жауап берді[:]

[:kz]

 

ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Геннадий Зюгановтың еліміздің солтүстік облыстары туралы мәлімдемесінен кейін Қазақстанның наразылық білдірмеу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, ешқандай ресми наразылық болмайды.

«Ешқандай наразылық болмайды. Себебі Зюгановтың өзі қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танытатын Ресей Коммунистік партиясының жетекшісі екендігінде. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымымен ерекшеленетін немесе тіпті қайшы келетін пікірлерді білдіреді», — дейді Тілеуберді.

Ол сондай-ақ Зюгановтың сөзі Ресейдің федералдық арналарының ешбірінен көрсетілмегенін атап өткен.

«Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды», — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беріп тұрып.

Тілеуберді Ресей Коммунистік партиясы КСРО Коммунистік партиясының мұрагері және сол идеологияға негізделгенін, яғни оның дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыру және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін баса айтты.

«Мын нәрсеге назар бөліңіздерші, бұл бейнежазба Зюгановтың сөзінен кейін тек екі айдан соң ғана көрсетілді. Бұл жазбаның Украинадағы оқиғалар қарсаңында пайда болғаны да кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек», — деді Мұхтар Тілеуберді.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Коммунистік партиясының мүшесі Геннадий Зюганов Қазақстан туралы мәлімдеме жасап, еліміздегі орыстілді азаматтарды ұлтшылдардан қорғау керегін айтқан еді. Зюганов бұл туралы 20 қаңтарда айтқан екен, алайда арада бір айдан артық уақыт өткен соң оның мәлімдемесі ел ішінде тарады.

«Президент пен Мемлекеттік дума мына мәселелерді талқылап, бірқатар шұғыл шешімдер қабылдауы керек: ең алдымен бұл республикадағы орыс тілділерді ұлтшылдардың бассыздығынан қорғау қажет. Байқоңырдан бастап стратегиялық нысандар, полигондар сенімді қорғалуы керек. Қазақстан басшылығымен қажетті кеңестер жүргізіліп, бізге қажетті тілдік, мәдени, рухани тұрғыда қауіпсіздікке кепіл берілсін», – деген Геннадий Зюганов.

 

[:]