АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Рингке оралған Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді (видео)[:]

[:kz]

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам доминикалық қарсыласын 14-секундта нокаутқа жіберіп, Inter-Continental титулын иеленді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел асыға күткен бокс кеші Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті.

Доминикалық боксшы Хулио де Хесус Қанат Исламға шаршы алаңда небәрі 14 секунд қана қарсылық көрсете алды. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық боксшы орта салмақта WBO Inter-Continental чемпионы атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Қанаттың кәсіпқой бокстағы 26-ыншы жеңісі.

Ал Хулио де Хесус болса, екінші жеңілісін (27 кездесу) бастан өткеріп отыр.

Аталмыш жекпе-жек андеркардында Қанаттан бөлек, 9 қазақ боксшысы: Сапарбай Айдаров, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Арман Рысбек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев және Мадияр Әшкеев шаршы алаңға шықты.

Олардың барлығы да жеңіске жетті. Рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты.

 

[:]