[:kz]
Шардара ауданында концерт берген Роза Әлқожа өз тыңдарманынан естіген сөзі ауыр тигенін жеткізді. Әнші жанды дауыста ән салуды сұраған халық пен балаларына өлім тілеген келіншек туралы барлығын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші бұл туралы өз Instagram парақшасында мәлімдеген. Ол Сүткентте, Алатауда өткен концертте жарты зал жиналғанын, Шардарадағы тегін концертті әкімшілік болдырмаған соң екі ауылға екі күн концерт бергенін алға тартқан.
«Ауылдардың қай залы болсын жылу жоқ, суық. Терлеп тұрып мұздайсың. Содан бірінші концерт басталғанда бірінші әнде-ақ техника «қуа» бастады. Бір апам айқай салды. «Жанды дауыста айт» деп. Біреудің дауысымен айтпайтынымыз анық қой. Домбырамен, гитарамен барынша ән салдық», -деп баяндаған әнші.
Оған қоса, әнші концертте шулап кеткен елге басу айтқанын жеткізді.
«Залдың жарығы өшпейді екен, екі әйел сыбырласып күліп отырғаны, балалардың ары-бері жүгіргені бәрі көрініп тұр. Сосын балаларға тыныш деп бір ауыз ескерткенбіз. Үйде өз баламызды да солай ұрысып қоямыз ғой! Аз адам деген жоқпыз. 500-1000 теңгеден билет сатылған соң бір, бір жарым сағат жанды қинап, шама келгенше орындадық. Қошемет керемет болып, апалар орамал жауып қайтарған еді», — деп жазған ол.
Алайда, концерттің тыныш өтуін қалаған әншіні дұрыс түсінбеген келіншектер табылған екен.
«Бүгін бір әйел: «не фигура жоқ, не дауыс жоқ. Халықтан кешірім сұра. Өз балаларыңнан айырылып қалма!» депті. Алла тағалам, қалай-қалай сөйлейді? Біреуі «мың теңгеден қалтаға сап тайып тұрды де» депті. Хош делік. Егер шулаған балалар емес, тәйт деген мен кінәлі болсам кешірім сұраймын», -деді эстрада жұлдызы.
Осылайша, Роза Әлқожа халықтың аты халық екенін, алайда оның артық ойы болмағанын айтты. Ол бір күнде екі концерт беру оңай емес екенін түсіндірді.
Бәрімізге жанды беретін бір Алла. Бала да, сіз де құдайдың меншігіміз. Алланың көзі тура болсын! Әлі денем түршігіп, жаман болып жүрмін іштей. Жаңағы әйелдің жазғаны таңғалдырды. Менің балаларыма өлім тілейтіндей оның баласына өлім сұрамап ем!» ,- деді Роза Әлқожа.
Сондай-ақ, әнші халықтың берген ақшасы адамдардың жолына кеткенін айтты. Ол өз балаларын Аллаға аманаттап, халықтан бата алудың орнына, осындай сөз естігеніне қынжылды.
[:]