[:kz]
Маңғыстау обылысының полицейлері атышулы видеоның кейіпкерлерін ұстады. Үшеуі бір адамға жабылған қаскөйлер ұрлықшы болып шыққан деп хабарлайды «Лада»-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тәртіп сақшылары үш ер адамның біреуді ұрып, телефонын тартып алмақ болған видеосын зерттеді. Шабуылдаған тұлғалардың кім екені анықталды. Кейіннен олар құрықталды.
Қаскөйлерге қатысты бұзақылық факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің ортасында әлеуметтік желіде Ақтауда үйлердің бірінің ауласында бір ер азаматқа жабыла кеткен үш ер адамның видеосы тарап кеткен еді.
Мұны байқап қалған Руслан Муханбетқалиев есімді жергілікті тұрғын қол қусырып қарап отыра алмай, далаға жүгіріп шыққан. Бұзақыларға дес бермеген жігіт желі қолданушыларының ықыласына бөленді. Халық оны «Рус-красавчик» деп атап кетті.
[:]