АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Рустам Әли Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды[:]

[:kz]

 

Рустам Әли Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану, Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми кітаптардың авторы.

 

Еңбек жолын Алматыдағы «Деловая неделя» газетінің корреспонденті болып бастаған. Осы жылдар ішінде фрилансер болды, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы болып жұмыс істеді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде сабақ берді, «Бизнес аптасы» газетінің редакторының орынбасары, Талдықорған қаласындағы «Жетісу жастары» ГККП директоры, Ескі Қайнарлы ауылдық округінің әкімі болды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды.

[:]