АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Сәбиді құтқарған Сәбит тағы да марапат алды[:]

[:kz]

 

Елордада 3 жасар сәбиді 8-қабаттан құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев көрсеткен ерлігі үшін тағы да марапатталды.
  
Ол Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған патриоттар формуында «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.

36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы. Бұған дейін бүгінгі күннің батырымен сұхбаттасқан едік. 

Іс-шараға көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысып отыр.

Салтанатты жиында «Ғылым және білім», «Мәдениет және спорт», «Медицина және волонтерлік», «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», «Технология және бизнес» және «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен азаматтар марапатталып жатыр. 

Осыған дейін Дәурен Абаев Біз әрқашан Туымызды, Әнұранымыз бен Елтаңбамызды мақтан тұтатынымызды айтты.

 

BAQ.KZ тілшісі

[:]