АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сәбит Әбдіхалықов Алтынай Жорабаевадан туған қыздарымен кездесті[:]

[:kz]

 

 

Сәбит Әбдіхалықов біршама уақыт қыздарымен араласпай кеткен еді. Жақында қыздарымен кездесті. Актер желіде ұл-қыздарымен түскен суреттерін жариялады

Ажырасып кеткен Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықов екінші рет отау құрды. Әбдіхалықов актриса қызды жар етіп, әке атанды. Алтынай ханым сүйген азаматымен бас қосты. 

 

Әнші бұған дейін берген сұхбатында қыздарының әкесімен көріспейтінін, әкесінің іздемейтінін айтып өкпесін жеткізген. Қыздары қазіргі күйеуін әке деп атап, бақытты күйде жүргенін айтты. 

Жақында Әбдіхалықов үлкен ұлы Асылжан мен қыздарымен бірге түскен суреттерін желіде жариялады. 

Бұған дейін ашыла сұхбат берген Сәбит мырза ұлы мен қыздарының алдында кешірім сұраған еді.

«Мен Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Маған Алла 6 бала берді. Мен оның ешқайсысын бөліп-жармаймын. Мен балам туғанда да, қыздарым өмірге келгенде де, бәріне бірдей қуандым. Мен солар үшін өмір сүремін. Сенің анаңмен бірге тұрмасам да, кезінде ажырасып кетті деп сөзге қалсақ та, ортамызда сен барсың. Сен тұңғыш немере болдың. Мен әке екенімді, әкелік парызым бар екенін білем. Сендерді жандарыңда болмағаным үшін, әкелік парызымды дұрыс атқара алмай жатқаным үшін кешірім сұраймын. Сенің алдыңда, қыздарымның алдында кешірім сұраймын. Мен балаларымның бәрін жақсы көрем. Әркез ақыл-кеңесімді айтып, көмек көрсетуге дайынмын» — деп ағынан жарылды әке ұлының алдында.   

[:]