[:kz]
Соңғы екеуі тіптен шағын көлемді, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы.
Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде тосын жайт болды. Жіті тексерістің арқасында күнделікті тұрмыста тұтынатын кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ка сiлтеме жасаган Skifnews.kzақпарат порталы.
Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына телефонды тығып, қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен, бір қарағанда аңғару қиынға соғады. Дегенмен, сақшы қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар темір тордың ар жағына жете қоймады.
Аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген 6 бірдей мобильдік құралдың төртеуі «NOKIA» және екеуі «L8STAR» маркалы. Соңғы екеуі тіптен шағын көлемді, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы. Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс сотқа жолдану үшін құжаттар рәсімделуде.
[:]