[:kz]
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отандық шоу-бизнесте өзінің кумирі кім екенін айтты. Өнер иесі бала кезінен бері әнші Айжан Нұрмағамбетованың жанкүйері болып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде жазба жариялап, онда кумиріне қатысты қызықты оқиғамен бөлісті.
Қайрат Нұртастың жары сүйікті әншісі тұратын үйдің алдында оны сағаттап күтіп отырған кезін есіне алды.
«Сағаттап күтіп отыратынмын. Бала кездегі оқиға есіме түсіп кетті. Менің кумирім Айжан Нұрмағамбетова еді. Оның стилі, образы қатты ұнайтын. Үлкендерден “Бұл үйде Айжан Нұрмағамбетова тұрады” дегенді естіп, ауласының сыртында сағаттап күтіп тұрушы едім. Сырттай көргеніме мәзбін. Жанына барып, амандасып, суретке түсу деген жоқ. Сөйтіп жүріп өзім де өнер саласына оқуға түстім. Бұл видео сол кездегі тап-таза, пәк балалық арманым үшін түсірілген еді», — деп ағынан жарылды Жұлдыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]