АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Сағынтаев AParking үлесін Боранбаевқа 5 млн теңгеге сатып жіберген[:]

[:kz]

 

Күніне 5 млн теңге табыс табатын автотұрақ желісі Қайрат Боранбаевқа 5 млн теңгеге сатылып кетті, — деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

2016 жылы Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйесі іске қосылды.

 

Қала тұғындарына мәлім, аталған қызметтің екі түрі бар. Көлікті көше бойына қою және тұрақ алаңдары. Барлығы бір операторға тиесілі. Ол – Alan Parking ЖШС. Оған 12 мың тұрақ қарайды.

 

Автотұрақтың басым бөлігі – Райымбек, Абай, Қалдаяқов, Сейфуллин көшелерінде орналасқан.  Ақылы тұрақ бағасы сағатына 100 теңге тұрады. Үш түрлі төлем жүйесі арқылы есептесуге болады. Ол паркомат, киви-әмиян және СМС жолдау арқылы.

 

Aparking бірыңғай операторы «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ға қарайды.

 

Ал «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ның 70% үлесі «RR2» ЖШС-ға, қалған 30%  Алматы әкімдігіне қарасты ӘКК-ге (Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация) тиесілі.

 

Aparking компаниясының хабарлауынша, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ақылы тұрақтарды басқару үшін аралас модель (70% – жеке, 30% – мемлекеттік) таңдалды.

 

2019 жылы мамыр айында Қайрат Боранбаев «RR2» ЖШС-нің жалғыз иесі атанды. Бұған дейін бизнесмен «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС Бас директоры Саламат Ахметовпен бірлесіп басқарған болатын.

 

 

[:]