АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласы». Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығына өтініш бермегенін айтты[:]

[:kz]

 

Бұған дейін экс-депутат Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені айтылды. Одан бөлек, Бекболат Тілеуханның Ыстанбұлдан 6 бөлмелі пәтер сатып алғаны хабарланды деп хабарлайды halyq-uni.kz

Желіде тараған бұл ақпаратты Бекболат Тілеуханның өзі жоққа шығарып, өзіне қатысты бұрыс ақпарат таратқандарды сотқа беретінін жеткізді.

«… Ақылға сыймайтын нәрсе, ел нанбайтын шығар деп ойладым. Сөйтсем, «басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті» дегенге ел иланып жатыр. Кәдімгідей нанып жатыр, ақылға сыймайтын, қисынға томпақ нәрсеге нанып жатыр. Менің Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым, мен үшін аяулы болған, аңғал, батыр жігіттер ғой, нанғыш. Солар нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде бүйтіп мәлімдеме жасамаса болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын. Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстанның көк паспортынан айырылатын ойым жоқ. 

Қадірлі бауырлар! Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласына сенбеңіздер! Мен ешқашан бөтен елдің азаматтығына өтініш берген емеспін!», — деп аудиожазба таратты Бекболат Тілеухан.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Орталық сайлау комиссиясы Бекболат Тілеуханның Мәжілістегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Көп ұзамай Бекболат Тілеуханға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір ол Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарып жүр.

[:]