АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сайлау күні желіде хит болған суреттегі жігіттің кім екені белгілі болды (фото)[:]

[:kz]

9 маусым — сайлау күні күні желі қолданушыларының қызу талқысына түскен жігіттің кім екені белгілі болды. Сарбазға гүл сыйлаған бүлдіршіннің анасы желіде жаңа жазба қалдырып, ондағы сымбатты жігіттің кім екенін айтқан деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ.

 
Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

9 маусым күні екі жасар бүлдіршіннің арқасында бүкіл елге танылған жігіттің аты-жөні – Шамиль Хасанов болып шықты.«Кішкентай қызым мен мына сымбатты жігіттің желіде кеңінен танылып, жүректеріңіздің түбінен орын алғанына 3 күн уақыт өтті. Желіде менен суреттегі жігіттің аты-жөнін, әлеуметтік желілердегі парақшаларарын, тіпті номерін сұраған қыздар көп болды.

Тіпті өзін Шамильмін деп таныстырған да табылып жатты. Маған күні кеше ғана Шамильдің жақындары хабарласып, мән-жайды анықтап жазуымды өтінді. Солардың рұқсатымен төменгі постты жазып отырмын.

Халайық фотодағы жігіт пен ең әдемі күлкінің иесі – Шамиль Хасанов. Осы қарапайым жігіт өзінің інісі арқылы маған хабар жеткізді.

«Ол менімен және қызыммен кездесуге дайын екенін айтқан. Құдайға шүкір сол суретке қатысты қандай да бір түсініспеушіліктер орын алмапты. Шыны керек мен сол үшін қатты уайымдаған едім. Осы үшін Ұлттық ұланға және осындай жігітті тәрбиелеген оның ата-анасына зор алғысымды айтамын…», — деп жазбаны бастаған ол.

Жазба соңында балақайдың анасы сол күні өздерінен теріс айналмаған тәртіп сақшысына өз алғысын айтқан.

«Шамиль осы постты оқисыз деген сенімдемін. Сізге сол күні бізден терісайналмай, кішкентайымның гүлін қабыл алғаныңызға рахмет айтамын. Сізге осы өмірде бар болғаныңыз үшін, осындай жылылық сыйлағаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңізбен кездесеміз деп сенемін, бұл жолы да қызым сізге тағы да бір шоқ гүлін әкелетін болады», — деген ол.

Желі қолданушылары аталған жазбаға қатысты жылы лебізлерін жаудырып жатыр. Олар «Жарайсыз», «Кездесіп, сәлемімізді айтарсыз», «Жігіттер жасасын» деген пікірлерін жарыса жазған.

Айта кетейік бұған дейін сайлау күні полицейге гүл сыйлаған бүлдіршіннің суреті көптің қызу талқысына түскен еді. Жеткіншектің анасы сол күні осы оқиғаның қалай болғанын баяндап берген.

[:]