[:kz]
Елде 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады.
Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі — ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін. Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.
Фото: Ұлттық банк
Ұлттық Банк қолдан жасалған банкноттарда қорғаныш элементтері: сутамғы белгі, үзік жіп, жасырын және аралас бейнелер, барыс қанатының бейнесі түріндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және басқалары имитацияланған. Ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайды. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын жалған ақша жасаушылар қолдан бояумен салады.
5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады. Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және нағыз банкнотты қолдан жасалғанынан ажыратуға көмектесетін бар болғаны бірнеше ережені сақтауға шақырады.
1. Банкноттың қағазы ерекше сықырлайды. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ елі» монументі, банкнот номиналының әріппен берілген, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу салынған жерде байқауға болады.
Фото: Ұлттық банк
Банкноттардың барлығында сипағанда жақсы білінетін, шығыңқы бедерлі элементтер түріндегі, көруі нашар адамдарға арналған белгілер бар.
Фото: Ұлттық банк
2. Содан соң банкнотты мұқият қарау қажет. Банкноттың түсі анық әрі контрасты болуға тиіс, сутамғы белгіні және номиналдың цифрлық бейнеленуін көретіндей етіп банкнотты жарық түсіріп қарау қажет.
Фото: Ұлттық банк
Осы сияқты жазуы бар үзік сызық түрінде банкноттың бетіне шығып тұратын тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аудару қажет, ол жарық түскен кезде жазуы бар тұтас жіп түрінде көрінеді.
Фото: Ұлттық банк
3. Банкнотты сонымен бірге айналдырып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкнотта түсі ауысып отыратын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкнотты сәл қисайтқан кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түстес түске дейін өзгереді.
Фото: Ұлттық банк
Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсері бар.
Фото: Ұлттық банк
/alashainasy.kz
[:]