АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сақалды дипломат Қорғаста полицияға террорист емес екенін дәлелдеуге мәжбүр болды [:]

[:kz]

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының полицейлері сақалды америкалықты өткізбей қойды

Сақалды америкалық дипломат Қорғаста Қытайдың халықтық қарулы полициясына өзінің террорист емес екенін дәлелдеуге мәжбүр болды. Бұл туралы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда аймағы туралы жасаған репортажында The New York Times журналисі Эндрю Хиггинс айтып берді.

 

Бұл жағдай «Визалық аймақ сіздің әмияныңызды құп көреді, бірақ сақалыңызды емес» атты мақалада жазылған. 

«Қазақтардың басым бөлігі түсінетін орыс тілінде жазылған плакаттар бұл жердің толықтай бейбіт орын емес екенін айқын көрсетіп тұр. Мәселен, қалың сақал мен ислам киімі Қытайда құп көрілмейтіні туралы «достық» ескертулер кездеседі. Жақында сақалы ұзын америкалық дипломатты халықтық қарулы полиция тоқтатты. Іске қазақстандық өкіл Иванов мырза («Қорғас» ХШЫО» АҚ вице-президенті — ескерт.) араласты. Ол полицияны америкалықтың террорист емес екеніне сендірді. Тек содан кейін ғана полицейлер оны босатты», — деп жазады журналист. 

Ол, сондай-ақ, сақалы қысқа америкалық журналист «Қорғасқа» еш қиындықсыз кіргенін атап өтті.

sputniknews.kz

 

Read more: https://sputniknews.kz/society/20180109/4228820.html

[:]