АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Сәкен Бибосынов сыйақысын үйлену тойына жұмсайтынын айтты[:]

[:kz]

Белградта өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Сәкен Бибосынов жеңісіне берілген қомақты қаржыны үлкен үй салуға және үйлену тойына жұмсамақ. Чемпион жаңа жылға дейін шаңырақ көтеретінін Express Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бокстан әлем чемпионатында 51 келіде чемпион атанған Сәкен Бибосынов жаңа жылға дейін шаңырақ көтеріп, Шымкентте үйлену тойын дүркіретіп өткізбек.

Олимпиада кезінде үкімет тарапынан берілген қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған Сәкен бұл жолы алған сыйақысын ата-анасына үлкен үй салып беруге және үйлену тойына жұмсайтынын жеткізді. Спорт жұлдызының болашақ жары кім екенін Бибосынов ашып айтпады.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

«Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса мұқтаж жандарға көмектесуге әзірмін. Алдағы жоспарымның бірі — үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса. Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым — 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау», — деді Сәкен Бибосынов.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) әлем біріншілігіне қомақты жүлде тағайындағанын айта кетейік. Бұл чемпионатта топ жарған боксшы 100 мың доллар, күміс жүлде алған 50 мың доллар, қолаға іліккендер 25 мың доллардан алды.

Ал Қазақстан үкіметі боксшыларға 15 мың доллардан берсе, бокс федерациясы алтын алғандарға 70 мың доллар сыйақы берді.

[:]