[:kz]
Костанай облысы Арқалық қаласына қыдырып барған Сәкен Майғазиев жол таба алмай адасып қалды. Себебі, жол бойында ешқандай белгі жоқ екен. Тіпті, интернет те ұстамайтынын айтқан ол көлігі шыдамды болмағанда жапан далада әлі күнге сандалып жүретінін айтты. Әнші бұның бәріне биліктің кінәлі екенін айтып, атқамінерлерді кедір-бұдыр жолды жөндеп, жол белгілерін орнатуға шақырды.
«Арқалық пен Державиннің ортасы осындай болып жатыр. Бұл жолдар қашан жөнделеді? Мұнда ел бар екенін, адамдар тұратынын биліктегілер біле ме екен? Осыған жауапты адамдарды мына жолдармен жүргізу керек қой. Өткен жолы Шығыс Қазақстанда да осындай болған. Жазбай-ақ қояйықшы, айтпай-ақ қояйықшы дейміз, бірақ мынаның бәрін кім қадағалайды?
Аллаға шүкір, көлігіміз биік, жанармайымыз толық болып, құдай сақтады. 3 сағат егіс алқабына кіріп, әбден адастық. Біз тұрмақ новигатор шатасып кетті. Телефон байланысы жоқ, ғаламтор желілері істемейді, не айналма жолдарға жол белгілері қойылмаған. Жанармайы таусылып, көлігінің асты зақымданып қанша көлік далада қалды десеңізші. Құрметті жолға жауапты жандар, Жаратқанға жауап беретін күннің жақын екенін ұмытпайық», — деді әнші желідегі парақшасында.
sn.kz/
[:]