АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Сәләфилік мектеп»: Атыраудағы қыздарға арналған оқу орнына айыппұл салынды

[:kz]

 

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС-не қатысты істі қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС деген атпен заңсыз ашылған мектеп оқушыларға сабақ беріп келген.

«Қыздарға арналған қазақ ұлттық мектебі» Ұлттық білім беру базасының мәліметі бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 7-сыныпқа жүзден астам оқушыны қабылдап, тіркеусіз және рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып келген”, – делінген хабарламада. 

Сот қаулысымен ЖШС ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен 76 575 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін жергілікті БАҚ пен блогерлер бұл мектептің сәләфилік екенін айтып, Білім министрлігінен бұл оқу орнын тексеруді талап еткен болатын.

[:]