АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Сәлафиттер жас балаларды 40 күнге шымылдыққа қамап, зорлықпен Құран жаттатқызып жатыр» – қоғам белсендісі(ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Кейін діни догмалармен миы уланып қалған бала зайырлы мемлекетті «харам» деп, ғылым мен білімді «кәпірлердің ісі» деп жоламауы мүмкін. Анау шымылдық деген жас жеткіншектердің түрмесі ғой!

Әсіредіншіл сәлафиттер балаларды дінге зорлықпен тартып, күштеп Құран жаттатуға көшкен. Фейсбук қолданушысы Әмина Смағұлова өзінің парақшасында Сарыағаш мешітінде өзгеше әдіспен Құран жаттап жатқан балалардың бейнежазбасымен бөлісті. Бұл жазбадан кіп-кішкентай балалардың шымылдық ішіне отырып, Құран жаттап жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі Әмина Смағұлованың ойынша, әсіредіншілдердің жас балаларды бұлайша мәжбүрлеп дінге тартуы заңға қайшы әрекет. Сондай-ақ ол аты шымылдық болғанымен, мұның жас балалар үшін түрмемен тең екенін айтқан.

«Діни наркомандар ұрпақ болашағын ұрлауда! Елімізде дін саласындағы заңдардың әлсіздігінен ит те, құс та діни уағыз айтатын болды! Солардың бірі Тазабектің сүйікті шәкірті — бұрынғы «Асыл Арнаның» журналисті Ардақ Байғабыл деген сәлафит-актер. Бұл діни наркоман уағызшының рөліне кіріп кеткені соншалық, өзін керемет бір шейх сезініп, парақшасынан күні-түні ақыл айтатын болды. Мына видеосын қарап, жүрегім ауырып кетті. Сарыағаштағы «Шайман ата» мешітінде кіп-кішкентай балаларды 40-күнге шымылдық ішіне отырғызып, Құран жаттатқызады екен.

Меніңше, салафиттер балаларды зомби қылып, мемлекетімізді Иран, Ауғанстан сияқты елге айналдыру үшін дайындық жасап жатыр. Түркия шариғат мемлекеті емес, сонымен қатар оларда халық саны 100 миллионға жуық. Яғни біздің елден 5-6 есе көп. Солардан асып-түсу үшін неге балаларды қинауы керек? Бұлар соншалықты діндар болса, неге Құранды өздері жаттамайды? Жас баланы таңдау құқығынан айырып, шымылдық ішіне қамап қою – не деген сұмдық! Дінде зорлық жоқ дейді, бірақ біреуден асып түсеміз деп балаларды мақтап, алдап отырғызып қояды! Меніңше, бұл 21-ғасырда зайырлы мемлекетімізге, болашағымызға қарсы жасалып жатқан қылмыс!» , — деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында. 

Сонымен қатар ол дәл осындай жолмен дін ілімін үйреніп шыққан балалар қоғам үшін өте қауіпті болып шығуы мүмкін екенін айтады.

«Балалардың нағыз білімге, ғылымға арналатын кезін ұрлау. Өсіп, даму үшін бала күнінде таза ауада ойнап, жүгіруі де керек. Тапжылмай бір жерде қозғалыссыз отырып, мешіттің скудный тамағын ғана ішу баланың организміне де өте зиянды. Кейін діни догмалармен миы уланып қалған бала зайырлы мемлекетті «харам» деп, ғылым мен білімді «кәпірлердің ісі» деп жоламауы мүмкін. Анау шымылдық деген жас жеткіншектердің түрмесі ғой! Мұны тексеретін органдар қайда қарап отыр?», — деп атап өткен автор өз жазбасында.

Желі қолданушылары авторды қолдап, салафиттердің мешіт ісіне араласып, балалаларды дінге мәжбүрлеп үйретіп жатқанына қарсылық білдірген. Сонымен қатар, зайырлы мемлекетте жасөспірім жеткіншектердің құқығы ашықтан ашық бұзылып жатқанын айтып, балалардың психикасын діни догмалармен улап жатқан әсіре дін өкілдерін дереу жауапқа тартылуын талап еткен.

«Көрініп тұр нағыз теке сақал салафит. Пәле болды осылар қақсап. Білімді ұрпақ керек қазақтарға қарилар емес. Бәріміз Алладан қорқамыз, бірақ шектен шықпаппыз. Не деген сұмдық баланы 40 күн қамап ұстап Құран жаттату деген. Жүрегінде шын иманы бар адам былай-ақ жаттап алады, керек болса. Теріс діни ағымдағы теке сақалдар емес, заманымызға сай білім алатын, оқыған білімді азаматтар көбейсін», — деп жазған Раушан Карибаева есімді қолданушы. 

Мая Кушкумбаева есімді адам да «Дін саласында жүрген азаматтарымыздың ауызынан ғылыммен білімге, техниканы дамытуға бағышталған бірде-бір әңгіме естіген емеспін. Және Отан, туған жер, тіл мәселесі жайында да әңгіме жоқ. Оның орнына тезірек өліп жұмаққа баруды армандайтындары байқалады. Сонда, бұларға жер мен тіл керек емес пе?! Жас ұрпақтан Құранды жатқа білетін қари мамандарын шығарсақ, қазақтың болашағына осы жеткілікті деп ойлайды ма? Арабтардың қариларын түгендедік, енді Түріктердің қариларын түгендеп, басып озатын шығармыз. Жастарымыздың бәрі бір жақты діни білім алса, болашақта елдің, жердің жағдайын кім ойлайды?» деп жазған. 

Асылгүл Әбіш: «Бұл 21 ғасыр екенін ұмытпаңыздар! Өркениет заманында жастарды орта ғасырға сүйреуді қойыңыздар! Араб елдерінің өздері даму жолына түскісі келіп талпынуда. Оларға күлкіге қалып позор, мазақ болмаңыздар!». 

Бекболат Рахимбеков: «Бәрібір біздің зайырлы мемлекет шариғат заңы бойынша болмайды, не істесеңдер де, бізге білімді, жоғары саналы ұрпақ керек, дінмен уланған зомби емес!» деп атап өткен. 

 

 

[:]