АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Салафизммен уланған адамдарды мемлекеттік қызметке жолатпау керек» — қоғам белсендісі[:]

[:kz]

 

Бұл өте қауіпті, өйткені салафиттердің басты мақсаты — билікке келу!

Қоғам белсендісі Әмина Смағұлова теріс діни ағымдардың ықпалына өнер адамдарын биік мінберден сөйлетіп, халыққа ақыл айтқызып қойғанды тоқтататын уақыт келді деп санайды. Ол сонымен қатар сәлафизм сектасының белді уағызшылары Мұхамеджан Тазабеков секілділердің қасында жүргендердің мемлекеттік қызметке алынуына қарсы екенін білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, олар өз қызметтерін басқа мақсатта пайдаланып отыр. «Тазабектің оң қолы боп, салафизмнің насихатталуына бар күшін салып жүрген Сәкен Майғазиев, университетте проректор боп жастармен жұмыс жасағаны да, мәдениет саласында лауазымға тағайындалғаны да дұрыс емес.

Пандемия кезінде Шымкентте Наурыз өткізу үшін деп миллиондаған қаржы ұрланғаны соның бір ғана дәлелі. 

Екіншіден, миы теріс дінмен уланған адамдарды мәдениет саласында, жастармен жұмыс жасауға, жалпы мемлекеттік қызметке жолатпау керек. Бұл өте қауіпті, өйткені салафиттердің басты мақсаты — билікке келу!

Сонымен қатар Майғазиев — кара зере майын шығаратын кәсіпкер екен: «Әль Хадайя» деген арабтың иісі аңқып тұрған компанияның құрылтайшысы деп сайтында жазылып тұр! Казакстанның Заңы бойынша мемлекеттік қызметтегі тұлғаға кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

 

[:]