АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Салтанат Бақаева тойға Нұржансыз шыққанда пайдаға кенелетінін мойындады[:]

[:kz]

bez-nazvaniya-2Бұрындары тек «Арнау» дуэтімен шығатын Салтанат Бақаева бүгіндері тойға жалғыз өзі де бара беретін болған. Оған себеп Салтанаттың репертуарындағы ұзатылар бойжеткендерге арналған «Әгугәй құрбым» әні.

 

Құрбысы Ақерке Тәжібаеваның ұзатуына арнап арнайы ән жаздырған Салтанат Бақаева бұл туынды бизнес көзіне айналады деп еш ойламаған. Алайда дәл сол күннен бастап Салтанаттың тойға деген сұранысы арта түскен. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Бұл бір қызық жағдай болды. Аяқ астынан тамадалар звондай бастады. «Салтанат бүгін боссың ба? Осындай бір әнің бар екен ғой» деп. Өзім де бір жағынан таңғалып қалдым. Ұнап жатқанын сезіп жатырмын. Осы әнге бейнебаян түсірсем деген жоспарым да бар. Алайда әзірге уақытым болмай жатыр, өзім түсірілімде жүрмін. Оның үстіне басқа да жоспарларым бар», – дейді Салтанат.

Әнші әрі актрисаның тойға «Арнау» дуэтімен шыққаннан гөрі жалғыз өзінің ұзату тойға шыққаны тиімді көрінеді. Бір жағынан тапқан табыс екіге бөлінбейді десек, екінші себебі ұзату тойының уақытылы аяқталуында екен.

«Ұзату тойы өз уақытында болатын шара болғандықтан. аса көп ұзақ уақыт күтпеймін. «Арнаудың» тойда ән салуы созылып кетеді. Себебі той болғандықтан кейде ерте, кейде кеш басталады. Өзіміз созылып жүргенді жақсы көретін халықпыз ғой. Ал қызды 12-ге дейін жіберу керек деген қағида болғандықтан, бәрі өз уақытында болады. Кешіксем 1 сағатқа кешігетін шығармын, одан көп емес», – деп түсіндірді Бақаева.

 

Источник: Stan.kz

[:]