АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Самат Әбіштің орнын Нұрәли Әлиев басты[:]

[:kz]

Жыл сайын Yedilov Online Telegram-каналы ең жас үздік басқарушылардың тізімін жариялайды. Биыл топ-50 басына экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиені Нұрәли ӘЛИЕВ шықты. Былтыр бірінші орында Елбасының немере інісі Самат ӘБІШ болған.

Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбіштің орнына сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ үлкен ұлы Нұрәли РАХАТҰЛЫ жайғасты. 34 жастағы Нұрәли Әлиев «Capital Holding» инвестициялық холдингтің басшысы.

Сарапшы Ербол ЕДІЛОВТЫҢ тізімінде екінші болып Димаш ДОСАНОВ тұр. Отыз сегіз жастағы Димаш ҒАБИТҰЛЫ «ҚазТрансОйл» компаниясының басшысы, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кенже қызы Әлия НАЗАРБАЕВАНЫҢ күйеуі. Алғашқы ондықта тағы бір күйеу баланы көруге болады. «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Ахметжан Есімовтың — күйеу баласы Ғалымжан ЕСЕНОВ алтыншы позицияда орналасқан. Жастығына қарамай іскер басшы атанғандардың арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИННІҢ немере қарындасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика БЕКТҰРОВА да бар.

Коллаж: Жас АЛАШ

[:]