[:kz]
Қазақстанда тіркелген ресейлік коммпаниялар саны 13 мыңнан асты. 2022 жылдың алғашқы 6 айында өсім бірден 12,7%-ға жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап.
Компаниялар осылайша санкция қыспағынан қашпақ болған. 2022 жылдың 6 айында Ресейден 1 600 кәсіпорын Қазақстанға көшкен. Нәтижесінде елімізде тіркелген ресейлік компаниялардың жалпы саны 13 мыңнан асты. Мамандардың сөзінше, кәсіпорындар наурыз айынан бастап жаппай көше бастаған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 40,2 мың шетелдік кәсіпорындар бар. Алғашқы үштікте Өзбекстан мен Беларусь тұр. Геосаяси ахуалдың тұрақсыздығына байланысты ресейлік компаниялардың жаппай көшуі әлі де жалғасуы мүмкін.
[:]