[:kz]
65 жастағы Болат Кенжалин есімді ақтөбелік тұрғын өзін әкімнің көшірмесі санайды. Таныстары зейнеткердің жүрісін де Бердібек Сапарбаевқа ұқсатады екен.
«Сарылықтарымыз ұқсайтын болар. Әкімдікіндей қалпағымды кигенде аумай қаламын. Адамдар Сапарбаевқа ұқсайтынымды жиі айтады», — дейді Болат Кенжалин.
Зейнеткер пәтер иелері кооперативінің басшыларын қалай састырғанын да айтып берді.
«Ол кезде Сапарбаев мырзаның Ақтөбеге бірінші келіп жатқан кезі. Сол кезде бәрі дүрлігіп жүрді. Бір жатақхананың қасынан өтіп бара жатқанда жерден бас алмай жұмыс жасап жатқан адамдарды көрдім. Мән берген жоқпын. Қайтып келе жатқанымда алдымнан таныс балалар шығып, аға, қатырдыңыз, біз сізді Сапарбаев деп ойлап қалдық. Әкім келе жатыр деп шала бүліндік» дегендері бар. Кейін олардың ПИК жұмысшылары екенін білдім», — дейді Болат аға.
Әкімге ұқсайтын қала тұрғыны жазғы мезгілде көгалдандыру жұмыстарымен айналысады
aktobenews.kz
[:]