АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сара Назарбаева ертең бір институт ашатын болды[:]

[:kz]

 

 

Әркез қайырымдылық істердің басы-қасында жүретін Сара Назарбаева екі күннен соң 80 жасқа толады…

Елімізде адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ашылады. Бұл — Сара Назарбаеваның кезекті бастамасы. Ертең тұсауы кесілетін институтта еліміздегі бүкіл жастың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетіледі, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияда белгілі болды. Шараға қатысушылар әр жобаға тоқталып, жетістігін жіпке тізді.

«Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдессіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен», — деді Мемлекет және қоғам қайраткері Зағипа Балиева.

Әркез қайырымдылық істердің басы-қасында жүретін Сара Назарбаева екі күннен соң 80 жасқа толады. Онлайн-конференцияға қатысушылар мерейтой иесінің еліміздегі педагогиканың дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

 

«Сара Алпысқызы «SOS балалар ауылдары» қорымен әрдайым байланыста. Бізге үнемі сыйлықтарын беріп жібереді. Ұл-қыздармен сөйлесіп тұрады. Былтыр карантин кезінде балаларды қажетті заттармен қамтыды. Соның арқасында дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті болды», — дейді «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорының директоры Гүлжан Асанова.

 

 

 
 
 

[:]