АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Сарапшы: Шындыққа тура қарайық, Қазақстан Ресейдің одақтасы емес[:]

[:kz]

 

Қазақстан Ресейдің одақтасы емес, осы пікірге үйренетін уақыт келді. Бұл туралы 4 сәуір күні REGNUM ақпараттық агенттігіне тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің халықаралық қатынастар, саясаттану және шетелдік аймақтану факультетінің доценті Вадим Трухачев мәлімдеді.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың не айтатынын күтейік. Бірақ оның үнсіздігі өте үлкен сұрақтар тудырып отыр. Жалпы, бұл үнсіздіктен Қазақстанды Ресейдің одақтасы деп санауға қалай бола ма деген сұрақ туындайды”, — дейді сарапшы.

Негізінде, онығ бүкіл саясаты Ресеймен тек серіктес екенін көрсетеді, одан асқан артық байланыс жоқ, деп есептейді Трухачев.

“Әрине, бұл ЕАЭО-ға да, ҰҚШҰ-ға да нұқсан келтіреді. Бірақ қызғылт түсті көзілдірікті шешіп, Қазақстанды сол қалпында көрген дұрыс. Әрине, жау емес, бірақ одақтас та емес екені анық”, — деп түйіндеді саясаттанушы.

“Адырна” ұлттық порталы

 

[:]