[:kz]
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қыз-келіншектерге ақылы тренинг жүргізіп жүрген Құралай ханымды да, онымен кездесу ұйымдастырған діни басқарманы да сынға алды. Діни басқармада ақ-қараны ажырата алатын адам қалмаған ба деп ренжіді. Өзіне хат жазған оқырмандарының жазбасын жариялады леп жазады stan.kz
Айгүл Елшібаева бұған дейін де Құралай ханымның дәрістерін теріске шығарып, елдің санасын улап жатыр деп жанайқайын жеткізді. Діни сауаты жоқ бола тұра өзге діннің ілімін насихаттап жүр деп налыды. Алайда Құралай ханым желі арқылы Елшібаеваға жауап қайтарған жоқ.
«Псевдопсихолог Құралай Серікқызы Ошақбаева айтып тұрғандай «Бауырға бай әпке керек» деп бауыр емес, дүниеге құныққан әйел ғана айтар.
Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығы. Дін мәселелерінде псевдопсихолог, мұсылманға пірі Правдинаның шәкірті, будданың мантрасы, феншуйын дәріптеп, гипноз шамбалы, дұға деп дуа жаттатқан жеке тренингін діни сауаты жоқ әйелдерге ақшалы бай боласың деген мыстанның дуасын үйреткен, елді алдаған дипломы жоқ психологсымақ Құралай Серікқызы Ошақбаевамен кездесу жасайтындай діни басқармада діни сауатты әйел мен еркек, ақ пен қараны саралайтын мамандар қалмағаны ма?
Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей ғой мынау. Құралай ханым деп жариялаған мыстанның дуасымен айналысқан дуакештің қылмыстарынан жапа шеккен елдің зары парақшамда сақталған. Масқара ғой мынау», — деп Елшібаева парақшасында.
Әнші үндеуін бірқатар министрлер мен басшыларға, діни басқармаға жолдады.
«Осы Құралайды тыңдап жүргендерде ақымақ екен ай. Дін туралы айтатын қай діни оқу орнын бітірген екен?», «Әр адамның өз ішінде ішкі сүзгі болуы керек… халық не болып барады? Ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін ұқпайды! Себебі, кітап оқымаймыз…сауатсыздық жайлаған қоғамда арамзада періштедей көрінер.. !», «Сіздің ішіңізді толтырып жатқан пікірлер, Құралай ханымды қолдайтындар әлі оянбай жүр», «Саламатсыз ба! Неге айғақ-дәлел жинап арызданбайсыздар. Ертең ол жала деп шағым түсіруі мүмкін ғой», — деп кеңесін айтты Елшібаеваның желідегі оқырмандары.
[:]