АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сарыағаш тұрғыны күзетшіні дәретханаға қамап, сауда орталығынан 93 ұялы телефонды ұрлап кеткен[:]

[:kz]

Түркістан облысында ер адам түнде сауда орталығына кіріп, күзетшіні дәретханаға қамап, құны 23 млн теңге болатын заттарды алып еткен деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сауда орталығын тонап кеткені туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері ғимаратқа белгісіз адамның кіріп, жалпы сомасы 23 миллион теңге болатын 93 ұялы телефон мен 2 ноутбукті алып кеткенін анықтаған.

Аталған фактіні тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алған. Сөйтіп қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жеткен.

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырған.

Куәгерлерден сұрастырып, оқиға болған жердің жан-жағын аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шыққан.

Нәтижесінде күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тұрғылықты мекенжайында қолға түскен.

Белгілі болғандай күдікті азамат түнгі сағат 03:00 шамасында сауда орталығына есік арқылы кіріп, күзетшіні қорқытып, әжетханаға қамап қойған. Содан соң қолына ілінген ұялы телефондар мен ноутбуктерді алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды еткен заттардың барлығын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға сақтық танытып, мүліктерді, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

«Сізді тонап немесе алдап кетсе полицияның «102» нөміріне қоңырау соғыңыз. Сондай-ақ, міндетті түрде күдіктінің бет-бейнесін, есте сақтап қалуға тырысыңыз, бұл өз уақытында қылмыскердің ізіне түсіп, қылмысты жедел түрде ашуға көмектеседі», — дейді ведомстводан. 

[:]