[:kz]
Ел арасында «Сары әулие» атанып кеткен Марат қажы Есенбаев фейсбукте «қазақтар Ресейдің жағында» деген пікір қалдырып, желіні шулатты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.
«Аллаһқа мадақ, біздің көп қазақтар Ресейдің жағында. Ресейдің сарбаздарына Украинадағы фашизммен шайқастағы ерліктеріне рақмет! Әлемдегі зұлымдық үшін күрескен бұларға мәңгілік тағзым! Инша-Аллаһ, жақында біздің бауырлар — мұсылмандар (мұсылмандар деп шешендерді айтып жатқан сияқты) бұл соғыста жеңіске жетіп, Украина халқын фашизм мен ұлтшылдардың билігінен азат етеді. Ал клоун әзілін қуыршақ ойнатушының өздері жояды»,- деп жазды ол.
Аударған Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы
[:]