[:kz]
Сауд Арабиясында өте сирек орын алатын табиғи құбылыс тіркелді. Кейде жыл он екі ай бір тамшы жаңбыр жаумайтын шөл далаға кеше көп мөлшерде қар жауды деп жазады Al Arabiya.
Ауа температурасы 0 градустан төмендеп, елдің орталық және солтүстік-батыс бөліктері қар астында қалған. Атап айтқанда, Шакра қаласы мен Табук және Табарджал елдімекендерінің тұрғындары өмірлерінде алғаш рет мұзға сырғанап, аққала жасауда.
Бұған дейін Сауд Арабиясының басым аумағында нөсерлі жауын жауған болатын.
Ел билігі табиғаттың тосын мінезінен зардап шекпеу үшін тұрғындарды қалың киініп, мүмкіндігінше көлікке отырмауға кеңес беруде.
sn.kz
[:]