АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Саудияда 15 жасқа дейін неке қиюға тыйым салынбақ[:]

[:kz]

Болашақта Біріккен Араб Әмірліктерінде жасы 15-ке толмаған қыз – жігіттерге отбасын құруларына рұқсат берілмеуі мүмкін. Елдің консультативті кеңесі болып табылатын Меджлис аш – Шура осындай талап қоюда. Бұл туралы аталмыш құзырлы орган Twitter әлеуметтік желісіндегі микроблогында жазды деп хабарлайды «Toppress.kz»  «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Меджлис аш – Шура 18 жасқа толмағандардың үйлену мәселесіне қатысты шешім шығару құзіретін арнайы сотқа тапсырмақ. Былтырғы жылдың шілде айында елдегі бірқатар депутаттар 15 жасқа толмаған қыз балаларға тұрмыс құруға рұқсат бермеуді талап еткен болатын. Сондай –ақ, жасы 18-ге толған бойжеткен өзінің және анасының қалауымен ғана тұрмыс құра алады. Оның өзінде арнайы медициналық сараптаманың қорытындысы болуы керек. Яғни, жас қыз жыныстық өмірді бастауға дайын екендігі расталуы қажет.

Жалпы, Сауд Арабиясының депутаттары осы уақытқа дейін балалардың құқығын қорғау мақсатында бірнеше бастамаларды қолға алып жүргендігі рас. Әсіресе, ерте жастайынан күйеуге шығуға мәжбүрлейтін қыздардың тағдыры халық қалаулыларын қатты алаңдатып отыр.

zhasalash.kz

[:]