[:kz]
Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ қазынасының валюталық бақылау департаментінің басшысы қызметіне кандидатурасын алып тастады. ТАСС агенттігінің Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден Омарованың кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қанағаттандырды. «Мен Сәуле Омарованың Валюталық бақылау департаментінің басшысы лауазымына ұсынылған кандидатурадан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырдым», – деп хабарлайды басылым Байденнің жолдауын. Мәлімдемеде Омарованың жоғары лауазымға кандидатурасын алып тастағаны, себебі «оны әрі қарай ұсынуды орынсыз деп санағаны» атап көрсетілген.
[:]