АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Саясаттанушы Үкімет басшысы болуы мүмкін үш адамды атады[:]

[:kz]

 

 

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс сайлауынан кейін жасақталатын Үкіметтің жаңа құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

«Меніңше, Үкіметтің басым бөлігі қайта тағайындалады. Себебі бізде тәжірибелі кадрлар көп емес. Сосын қазіргі премьер-министр Асқар Мамин барлық дерлік саяси күштердің көңілінен шығып отыр», — деді Әшімбаев.

Сарапшының ойынша, кейбір министрлер ауысады. Оларды өңірлерді күшейту үшін жіберуі мүмкін. Себебі соңғы бір жылдың ішінде әкімдіктердің жұмысынан біраз олқылық шықты. Соны түзету үшін орталықтан адам жіберу керек. Осы орайда саясаттанушы білім және денсаулық сақтау министрлерінің ауысына қатысты өз ойын айтты.

«Енді бізде білім, денсаулық министрлерін жиі сынайды ғой. Білімнің өзі жиі сынға ұшырайтын сала. Министрді ауыстырайық дейді. Бірақ оның осы қызметке келгеніне көп болған жоқ. Ал белгілі бір проблеманы шешу үшін 3-4 жыл қажет. Сосын бірізділік керек. Осы салада проблема көп. Ал карантин көп проблеманы ушықтырып жіберді», — деп атап өтті Әшімбаев.

Сарапшы Денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Бірақ мемлекет тарапынан өзгеріс жасау ниеті болмаса, министрді ауыстыру мәселесі көтерілмейді. Бұдан бөлек, Әділет министрі Марат Бекетаев та бірнеше рет сынға ұшыраған. Жалпы, ротация болады. Бірақ, оның айтуынша, жаңа адамдар келмейтін сияқты.

«Бәлкім, Мәжіліске вице-премьер Ералы Тоғжанов барады. Ал Үкімет басшысы қызметіне қазіргі Асқар Мамин лайықты. Сосын Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті атап жатыр. Осы үш кандидат», — деді Әшімбаев.

[:]