[:kz]
Саят Медеуов аяулы анасын еске алды. Желіде жантебірентерлік жазба қалдырған ол көпшілікті жылатты. Анасына ризашылығын айтып, әкесі үшін уайымдайтынын жетізді.
«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Қайғыма ортақтасқан ел жұртыма, әріптестеріме алғысым шексіз, Алла разы болсын! Жеке рахмет айта алмаған болсам айыпқа бұйырмаңыздар кешіріммен қараңыздаршы…
Елде қайғы көп қой бірақ Жаратушы Алла одан кейін Ана ғой. Анам туралы қалай айтпайын.
«Айналайын балам» деген сөздеріңізден бастап көп жылы сөздеріңізді өзіңізбен бірге жерге ала кеттіңіз, маған енді айтпасыңызды білемін, жүрегім ауырады сыздайды. Кім айтса да сіздің үніңіздей шықпайды, жылулық сезілмейді, бірақ амал бар ма. Өзіңізсіз көзім жасаурап үш күн өтті, сіз менің ғана емес көптің Анасы едіңіз ғой, көпке қайғырып көңіл айтамын! Мама, сіз туралы айтар сөзім таусылмайды, тоқтай алар емеспін. Бірақ менің Анам туралы айта беруім кімге керек деп деп қана тоқтадым. Мына дүниеде айталмаған жылы сөзім, жасай алмаған жақсылығым ,қателігім болса кешірші, МАМА. Балалығым өзіңізбен кеткендей күй кешудемін. Енді менің үйіме «мені сағынғандар барма» деп келмейсіз ғой, Мама.
Мама әкемнің сөздері ауыр, бала-шағаңыз жабылып сіздей бола алмаспыз, жүрегім ауырады, әкемді қатты қызғанушы едіңіз ғой қалдырырыңызшы бізге, өзіңмен әкетпеші. Мама… мен сізге ризамын!
Анашым Жаныңыз жаннатта шалқысын!», — деп жазды әнші.
Әнші ауырып жатқан әкесі үшін уайымдайды. Анасына жәннат тілеп, барша қара жамылған қазақ халқына көңіл айтты. Өзіне көңіл айта алмағандарға ренжімейтінін жеткізді.
«Есейгенде ақылшы Анасыз қалдым деп жыламадым, Қартайғанда сыңарсыз панасыз қалды деп Әкем үшін жыладым. Келмеңіздер жерлеуге дегенім, Бір Анамның артынан мың адам ауырмасын деп тіледім. Зират басында ел басындағы осы індетті, Анам өзімен көрге ала кетсе екен деп ішімнен тілеп тұрдым, бірақ Алланың қолында ғой, бұл індетке Анам сорлы не істей алсын. Елдің басында болып жатқан қиындыққа байланысты көп ағайынның көңілін сұрауға бара алмай, көңіл айта алмай қалып жатырмыз. Жақындарынан айрылған жандарға қайғырып көңіл айтамын. Шаңырақтарыңызда тек қуаныш болсын! Ауырмаңыздар, елдің еңсесі көтерілсін, барша елге жақсылықтан басқа тілерім жоқ!», деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Саят Медеуовтің анасы өткен аптада өмірден озды. Қаралы хабарды өнердегі досы Мейрамбек Бесбаев хабарлады. Әнші карантинге байланысты көңіл айтып келмегендерге ренжімейтінін айтып, талаптарды сақтауды сұрады.
[:]