[:kz]
Петропавл қаласының тұрғыны банкоматтағы қазақ тілінің жазылуын сынға алып, шағымын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Петропавл қаласының тұрғыны Ербақыт Амантайұлы Сбербанк банкоматында қазақ тілін таңдау кезінде клиент кездесетін қиындықтарды көрсетті.
«Сбербанк Қазақстаннан» біреу бар ма? Мынау қандай қаріп екенін түсіндіріп берсінші. Латыншаға да, кириллицаға да келмейді. Жаңа алфавит па деп қоям. Банкоматта қазақ тілін ғана таңдайтынмын, бүгін сәл қиналып қалдым, мынаны түсінбей. Бірақ өзге тілге ауыспадым», — деп жазды Ербақыт Амантайұлы Facebook-те.
Белгілі болғандай оқиға 13 қазанда болған.
[:]