[:kz]
Семей қаласының әкімі Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға берген уәдәсін орындамай жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, HIT TV бағдарламасына сілтеме жасап.
Өткен жылдың желтоқсан айында 90 жасқа толған өнер иесінің айтуылы мерейтойы мемлекет көлемінде аталып өткен еді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен кештің шымылдығын ашқан Бибігүл Ахметқызының концерті мемлекеттік Астана-опера және балет театрында өткен болатын. Кеш барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өнер иесінің туған жерінде аты аңызға айналған бұлбұлға арналып айрықша құрмет көрсетілетітін айтқан. Яғни, Семейдің қалалық мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетінін жалпақ жұрттың алдында жариялаған. Әйтсе де, атқамінердің айтқан уәдесі сол күйінде іске аспай қалды.
Кеш барысында ХХ ғасырдың көрнекті 20 елінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген Бибігүл Төлегенованың есімін мәдениет сарайының маңдайшасына жазу қала тұрғындары үшін де үлкен маңызға ие екенін алға тартқан Ермак Сәлімов осы мақсатта дайындық жұмыстарының басталып кеткенін де жеткізген.
«Халықтың ықыласына мың да бір ризамын. Мені көтерген халық. Жасым 90-ға келсе де қазақтың бұлбұл әнші қызы атанып отырмын. Менен бақытты адам жоқ», — деп концертте ағынан жарылған Бибігүл Төлегенова да жерлестерінің тарапынан көрсетілгелі жатқан құрметке ерекше қуанған.
Өз кезегінде қатардағы шенеуніктердің бірі емес, білдей бір қала әкімінің өзі сөз берген соң, уәденің көп күттірмей орындалатынына күмәнсіз еді. Дегенмен, үміт ақмалмады. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында белгілі кісілер Семей қаласы әкімінің идеология және әлеуметті сала бойынша орынбасарына шалған көрінеді. Нәтижесінде, онамастикалық коммиссияның жауабын күтіп отырмыз дегеннен басқа мардымды жауап болмаған.
[:]