[:kz]
Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ.
Семейдегі зообақтың басшысы пониді сойып жеп қойған көрінеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты журналист Жалғас Зейноллаев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«Семейдегі биологиялық орталықтағы (зообақ) пониді басшысы сойып жеп қойыпты. Себебін, түйенің ботасына орын жетпегендіктен солай жасадық депті. Бұған дейін онда сілеусін мен қасқырды бір торға қамап, қасқыр сілеусінді талап өлтіріп, шу болған. Ал мынау тіпті сұмдық. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, Семейде бұдан да сорақы істер болып жатады», — делінген жазбада.
[:]