[:kz]
30 мамыр күні ШҚО-да «Балалардың қорғау күні» мерекесі қарсаңында кішкентай батырды марапаттау үшін іс-шара өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияров Семей қаласы №40 орта мектебінің 2-сынып оқушысы Новоселов Виктордың ата-анасына алғыс хат табыс етті.
«4 жасар баланы құтқарған ұлыңыздың әрекеті қолпаштауға және алғысқа лайық. Отбасына зор денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін», — делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қол қойған алғыс хатта.
«Біздің кәсіби қызметімізге байланысты күн сайын әртүрлі оқыс жағдайларға кезігеміз, бірақ бұл өте сәтті аяқталған оқиға. Сондықтан біз кішкентай батырды мақтан етуге құқығымыз бар», — деді ТЖД басшысы.
Мадияров ерлігі мен қаһармандығы үшін Виктор Новоселовке велосипед сыйлады.
Еске сала кетейік, 19 мамырда балалар тобы баппақты жерде ойнап жүрген еді. Балалардың бірі тереңдікті тексеріп көрмек болған. Ол өзін ұстай алмай суға түсіп кетеді. Балалар үлкендерге жүгіріп, көмек сұрайды. Олардың ішінде Витя Новоселов те бар еді. Балалар ішінен сол ғана ұмтылып, бүлдіршінге көмектесуге жақындайды. Баланы қолынан ұстап, тұншықпай тұруына көмектесті. Осы уақытта көршісі Сәрсенбинов Талғат келіп, баланы шығарып алды.
ТЖД болашақта кішкентай батырды «Жас құтқарушылар» аула клубында өрт және құтқару спортымен айналысуға шақырды.
stan.kz
[:]