[:kz]
Қазір Семей қаласында өтетін шеруге қызу дайындық жұмыстары жүруде.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Оны жергілікті партия өкілдері ұйымдастыруда. Қоғам белсендісі Майра Әбеновның айтуынша, жергілікті билік бейбіт шеруді өткізуге өз рұқсатын берген көрінеді. Оны Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығы Айдар Серікқазыұлы да растады.
«Семей қаласының атқарушы билігі митинг өткізуге келісім берді.Біз қаланың орталық алаңын сұраған едік, бірақ бізге басқа жерді берді.Енді шеру Семейдің «Полковничий» деген аралында «Өлімнен де мықты» деген ескертікіш жанында өтеді», — деді Майра Әбенова.
Семей билігі орталық алаңда құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан аралда өткізуді ұсыныпты. Ал өтетін митингіде елді қос бүйірден қысып бара жатқан қымбатшылық мәселесі мен әлеуметтік тақырып сөз болмақ. Партия мүшесінің айтуынша, Семейде әсіресе бензин тапшылығы мен көмір мәселесі халыққа ауыр тиуде.
«Бәрі қымбат, көмір тапшылығы жылда қыс мезгілінде қайталанады. Бұл үнемі қолдан жасалады. Жылу керек болған соң қымбат болса да аласың, амал қанша»,- деді М. Әбенова.
Қоғам белсенділері еліміздің барлық қалаларында митинг өткізуді жоспарлаған. Әйтседе, тек Семей қаласында ғана билік тарапынан рұқсат беріліпті. Партия өкілдері билік төменгі халықтың мұң зарын естуі тиіс. Азаматтар өз пікрін айтуға құқылы, ал саяси шараның ешқандай қаупі жоқ, деп сендіріп отыр. Митинг сенбіге жоспарланған.
/kaz.365info.kz
[:]