АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Семейде студент қыз желге ұшқан ақшасын ұстаймын деп көпірден құлап кетті [:]

[:kz]

 

photo_37921Семейде студент қыз желге ұшқан ақшасын ұстаймын деп көпірден құлап кетті. Қаланың жоғары оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті, абырой болғанда, аман қалды, — деп хабарлайды Устинка LIVE.  Оқиға 25 мымырда түнгі сағат 23.30-да Семейдің ескі көпірінде болған.  «102 нөміріне қала тұрғынынан бір әйелдің көпірден секіріп кеткені жайлы хабар түсті. Оқиға орнына орталық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты, — деп хабарлады Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елеубеу Оспанов. — 1995 жылғы қыз өмірмен қош айтысу ниеті болмаған. Ешкімге ешқандай өкпесі болмаған». Сөйтсек, көпірдің үстімен келе жатқан қыздың қолынан ақша желге ұшып, студент оны ұстаймын деп құлап кетіпті. Абырой болғанда, ол ағаш бұтақтарына асылып қалған. Полицейлердің айтуынша, қыздың денсаулығы тұрақты деп бағаланып отыр екен.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/semeyde-student-kyiz-jelge-ushkan-akshasyin-ustaymyin-dep-280602/

[:]