[:kz]
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әкесі туралы ашық сұхбат берді деп хабарлайды kznews.kz ақпараттық порталы
Қайрат Нұрқаділов әкесінің қайтыс болған жылдарындағы тергеудегі олқылықтар мен көз жұма қарауларды ұзақ уақыттан кейін жасырмай баяндады.
Нұрқаділов ұлы «Заманбектің өліміне кім кінәлі?» деген сұрақтың төңірегінде ашық жауап берді.
Естеріңізге сала кетсек, 2005 жылғы 12 қарашаның кешінде Алматы полициясына жедел жәрдем тобы Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйінде төтенше оқиға болғаны жайында суыт хабар жеткізеді. Шамамен сол уақытта үй күзетшісінен де дәл сондай хабар түседі. Оппозициялық саясаткердің өлі денесін қарау кезінде үш жерден оқ тигені анықталады. Мәйіттің жанында 1998 жылы ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке берген «Кобальт» маркалы оның жеке тапаншасы жатады.
[:]