АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сені түсінетін, сүйетін жақсы жар тілеймін!»: Ирина Советжанқызы бұрынғы күйеуіне бақыт тіледі[:]

[:kz]

Тележурналист Ирина Советжанқызы бұрынғы күйеуін туған күнімен құттықтап, ақ жарма тілегін айтты.

Бұған дейін тележурналист күйеуімен ажырасқанын, қиындыққа мойымай өз еңбегімен бүгінгі күнге жеткенін жазып келді. Енді балаларының әкесі жақсы адам екенін айта келе, оны туған күнімен шын жүрегімен құттықтады.

«Біз бір-бірімізді дұрыс түсіне алмағанымыз болмаса, балаларымның әкесі өте жақсы адам. Бір-бірімізді сүйіп, қосылдық. Танысқанымыздың өзі бір тарих. Тіпті, @makpalkaratai құрбым біздің таныстығымыз туралы радиодан айтып, сыйлық ұтып алған. Макось, помнишь?Кейін жеке пост жазамын. Дарханның үш жасында әкесі қайтыс болған. Анасы басқа күйеуге шыққанда, әжесінің тәрбиесінде қалыпты. Ал апамыз (мен апа дейтінмін) марқұм, «ата-анасыз өскен немерем ештеңеден тарықпасын, деп аузынан шыққанды орындауға тырыстық» деп отыратын.

Төрт күн бұрын Дархан қырыққа толды. Сол күні құттықтап, пост жазғым келді. Қауырт тірлікпен үлгермедім. Балалармен бірге хабарласып, туған күнімен құттықтадық. Көңілсіз көрінді. Бір мәселе туындаған екен. Шешімі табылар деп ойлаймын. Дархан мені оқымайды. Оқып қалсаң, тағы да туған күніңмен! Есіңде болсын, балалар сені жақсы көреді. Саған сені түсінетін, сүйетін жақсы жар тілеймін! Бұл тілегімнің еш астары жоқ, шынымен тілектеспін», — деп жазды Ирина Советжанқызы желідегі парақшаснында. 

https://stan.kz/seni-tusinetin-suyetin-zhaksi-zhar-tileymin-irina-sovetzhankizi-byringi-kuyeuine-bakit-tiledi-321534/

[:]