АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сенің ата бабаңды қырып, атып, аштан өлтірген Қытай емес Ресейлік коммунистер еді.[:]

[:kz]

 

Соңғы уақытта Қытай 58 завод ашады екен. Ойбай Қытай құрысын деген жазбаларды байқап қалдым. Өзбектер 3.5 миллион кезінде, қазақтар 5.5 миллион болыпты. 1959-ыншы жылы өзбектер 8 миллион болғанда, қазақтар 2.8 миллион болды. Сенің ата бабаңды қырып, атып, аштан өлтірген Қытай емес Ресейлік коммунистер еді. Қазіргі уақытта Қытаймен сауда балансында экспорт импорттан көп болса, Ресеймен сауда балансында Ресейдің импорты экспортымызды 2-3 есе орайды.
Москваға барғанда байқағаным олардың тазигін қазақтар орыстардан көп айдайды екен. Ресейде қанша қазақ болса да бір де бір қазақша арна жоқ. Мектептерін айтпай ақ қояйын. Қытайдан келген қазақтар әлі болса да қазақша біледі. Қытай да сау сиырдың боғы емес қой. Бірақ та завод салса оның несі жаман? Ресей бізге бір завод болсын салды ма? Әлі күнге дейін басынумен келеді ғой. Ешкімге қажеті жоқ одақты құрып өз пайдаларын ғана ойлайды. Дәл қазір біз үшін Қытайдан да жексұрын мемлекет бар. Соны біліп алу керек еді.

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]