АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Серік Құдайбергенов. Мәңгілік Ел–азат халықтың идеясы[:]

[:ru]

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8fХалықтың әлеуетін көтеру арқылы ұлттық бірлікті күшейтуді көздейтін Қазақстандағы ұлттық идея ретінде қабылданған «Мәңгілік ел – халық болашағы» ережесі біздің елде ғана емес, сырт жақта да үлкен түсіністік табуда.

Биылғы жаздың соңғы күндері елімізге келген Болгарияның  вице-президенті Маргарита Попованың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда үлкен жетістіктерге жетті. «Президент Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімнің ішінде сіздердің ел орасан табысқа жетті. Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды, мен сіздерді сонымен құттықтаймын», деді ол журналистермен кездесуінде. 

Өз кезегінде америкалық Bloomberg басылымы редакциялық мақаласында таза парақтан басталып, артынан иесіне табыс әкелген бизнес-жобасын алға тарта отырып, осындай сәтті стартаптар ретінде, біздің заманымызда өзінің әлеуетін экономикада табысты жүзеге асырып жатқан тұтастай мемлекеттерді қарастыруға болады деген тұжырымға келеді.  Сондай мемлекеттердің бірі, жақсы жаққа қарай өзгеруде өзінің мүмкіндігін тиімді пайдаланған Израиль, Тайвань, Гонг-Конг, Эстония, Кайман аралдары және Оңтүстік Корея елдерімен қатар, ширек ғасыр бұрын колониялық бұғаудан босаған Қазақстанды да айтуға болады деген пікірде басылым журналистері.

 

[:kz]

[:en]

[:]