АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru] Нурбулат Куанышев. Көтеріліс [:]

[:ru]

17769w660h490croplrБиыл Орта Азия халықтарының патшалық самодержавиенің колонизаторлық саясатына қарсы көтерілісіне 100 жыл толуына арналған шаралар Орталық Азияның барлық республикаларында өткізіледі. Патшалық самодержавиенің бір ғана қазақ даласын жаулап алуына бір ғасырдан астам уақыт керек болды. Тіпті ресейлік империяның Орта Азияны жаулап алуының өзі бағынышты халықтың ұлттық сана-сезімін, рухын толықтай жойып жібере алмады. Халықты езгіге салушыларға қарсы үлкен соғыс өртін бастайтын наразылық жалыны бір күнде лап ете қалатындай болып бүкіл Дала өлкесінде, ұлы Түркістанда ұшқындап жатты.

Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліске себеп болған, «Высочайшим повелением о реквизиции инородцев на тыловые работы» деп аталған патша жарлығы болды. Жарлыққа сәйкес Орта Азиядағы, Далалық өлкедегі және Сібірдің бергі бөлігіндегі 19 бен 43 жас аралығындағы еңбеке жарамды азаматтар майдан шебіндегі бекіністердегі құрылыс жұмыстарына алынатын болды. Қазақтар, біздің бауырластарымыз қырғыздар мен өзбектер, сондай-ақ осы елдерді жағалаған ұйғырлар, тәжіктер мен дұнғандар Ресейдің Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқанын қаламады. Бұл ресейлік империя тарапынан басып алу соғысы болды, сондықтан Орта Азия халықтарының бұған деген көзқарастары белгілі еді.  Алайда, іс жүзінде ортаазиялық халықтар арасындағы наразылықты өршітіп, артынан көтеріліске ұластырған мәселенің ушыққан басқа жағы болды. 

 

         Сонымен… Мемлекеттік Думаға еңбекшілер партиясы атынан өткен депутат Керенский 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының наразылық тудырғаны туралы әріптестері алдында оқыған өзінің баяндамасында былай дейді:

«Мемлекеттік Думаға мүше мырзалар, осы жерде отырғандардың барлығы, сіздердің партиялық көзқарастарыңыз бен сенімдеріңіздің әртүрлі екендігіне қарамастан, сіздерден сұрайтыным, егер сіздер Тамбов немесе Мәскеу губерниясында тез арада, егістік жұмыстардың қызған шағында бүкіл ер-азаматтарды белгісіз бір кеңістікке алып кететіндей табан астында жаңа шара  жасалатындай жағдай болса, мен сіздерден сұрап отырмын, Мемлекеттік Думаға мүше мырзалар, Тамбов немесе Тула губерниясында осындай келеңсіз, тіпті ақылсыз шараның орындалуы мүмкін бе еді, ал егер орындала қалған жағдайда Тамбов губерниясының ахуалы қалай болар еді?! Мырзалар, нықтап айтамын, осындай жағдайлар болар еді, мүмкін Түркістан мен Дала облыстарындағыдан да ірі көлемде болар еді».

         Бұл жердегі басты ақылсыздық Жоғарғы Жарлықтың кімнің қолымен бекітілгенінде еді, ал ол ап-анық, көзге ұрып тұрды. Халықты ашындыоған да осы болды. Өйткені, майданды азық-түлікпен және мініс аттарымен қамтамасыз ету жұмыстары сол кезде Қазақстан деп аталатын Далалық өлкедегі жергілікті тұрғындардың мойнына жүктелген. Мұның бәрін архивтегі құжаттар растайды. Далалық өлкенің жергілікті әкімшіліктерінің бірі өзінің есебінде былай деп жазады: «Сонымен қатар, комиссия қайырымдылық жасаушылардан, әсіресе мәдени өмірден алыс, жартылай жабайы көшпенділердің қайырымдылық ықыласынан үміт күтеді, ең бастысы, бұлар майданға кеткен өздерін қорғаушылардың отбасына материалдық көмектің ауыртпалығын мойындарымен көтеруде».

         Яғни, көшпенді халықтың малын алды, шамадан тыс салық салды, артынан жасалған столыпиндік реформа кезінде жерін тартып алды, енді мына жаңа құқай тағы шықты. Бұдан кейін қазақтардың шыдамы таусылды.

Жетісу

Көтеріліс бұрқ ете қалды, артынша ол бүкіл Түркістанды, бүкіл Далалық өлкені қамтыды. Оны көргендердің естеліктеріне қарағанда, көтеріліске шыққандар жылжымалы ұстаханаларда қылыш, найза жасап, мылтықтарды жөндеген, оқ-дәріні өздері жасаған. Әсіресе Амангелді Иманов басқарған көтерілісшілер қанатын кеңге жайды.

Ал Жетісу өңіріне келсек, мұндағы көтерілістің басында Тоқаш БокинБекболат Әшекеев, Нұқа Сатыбеков, Байбосын Тамабаев, Ұзақ Саурықов, Жамеңке Мәмбетов, Естай Жаңабергенов, Айтық Алабергенов, Айдос Түнғатаров, Айқын Жолдербаев, Доскен Жамамұрынов, Елкен Доскеев, Құрман Бесбаевтар тұрды. 1916 жылдың тамызында ереуіл Жетісу губерниясының барлық болыстарын қамтыды. Көп адамның қатысуымен болған рекше қантөгіс қақтығыстар Жетісудың Асы,  Қастекте, Нарынқолда, Шарында, Корамда, Садыр-Матай болысында орын алған.

Жаугерлік әрекеттердің ауқымдылығы жайында Верный қаласының әскери губернаторы М.А.Фольбаум өзінің бұйрық телеграммасында былай деп жазады:

«Жаркент және Пржевальск жақтағы операцияны орындау үшін тез арада Әндіжаннан артиллериясымен, атты әскерімен тағы 8 ротаны Пржевальск уезіне, Ташкенттен артиллериясымен 8 ротаны Верныйға аттандырыңдар!»

М.А. Фольбаум Верныйдан жіберген басқа телеграммасында жазалаушы отрядтардың бастығына мынандай тапсырма береді:  «Қазақтардың азғантай тобырының өзін көтерілісшілер деп есептеңдер, ондайларды жазалаңдар, бұл болыстарға үрей тудырыңдар, алғашқы толқындар туған кезде-ақ құрып кеткенде басшылардың жақтастарын ұстаңдар, дала сотына беріп дереу асыңдар… тіпті, күдік тудырған біреулерді ұстап алыңдар да басқаларға сабақ болу үшін дарға асыңдар».

1916 жылғы көтерілістің зардаптары

Жергілікті халықтың көтерілісін басу туралы баяндамасын аяқтай келе Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Керенский жазалаушылардың жауыздығын, олардың ондаған мың адамды өлтіргенін, оның ішінде емшектегі балалар мен әйелдердің бар екендігін айтады:

 «Барлық түземдік «Түркістандағы бүліктер» тура осылай жүргізілді. Бұл тәртіпсіздікке әкімшілік және орыс мемлекеттік билігі мәдениетті еуропалық мемлекет тұрмақ, қандай да бір шығыстық деспотта жол берілмейтін жүйелі террормен және жоспарлы түрде жауап берді!  Жетісу тауларындағыдай оқиғаны басқа жерлерде  ешқашан көрмеген,, бәлкім бүкіл әлем ондайды көрмеген болар! Олай болса қазір бізге «түріктердің Армениядағы жауыздығы туралы» айту өте қиын; «немістердің Бельгиядағы жауыздығы туралы» айту өте қиын…

Александр Федорович Керенский өзінің баяндамасындағы жазалаушылардың Дала өлкесіндегі көтерілісті басу барысында жасаған жауыздықтары мен түріктердің армяндарға жасаған геноцидін салыстыруға келмейтінін мойындауы  шындықты барынша беттеріне басу.

Владимир Владимирович Путин басқарып отырған қазіргі Ресей басшылығының түріктердің армяндарға жасағанын геноцид деп қабылдады, олай болса архивтегі құжаттар негізінде 1916 жылғы қазақтардың геноцидін мойындайды деп үміттенеміз. Әділеттіліктің өзі осыған бағыттайды.

Алтынорда

[:kz]

[:en]

[:]