[:kz]
Арыста болған болған апаттың алғашқы минуттарында Қазақстанда бейне бір соғыс басталып кеткендей көрінді. Қазақстанда шынымен де соғыс жүріп жатыр, бақытымызға орай, ол әзірге ақпараттық соғыс қана.
Бұл күндері миллиондаған қазақстандықтар Арыс тұрғындарының қайғысымен ортақтасып, сонысымен өз елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауда.
Ал Мұхтар Әблязовтың командасы, саяси технологтері мен журналистерінің дәл қазір Арыстағы трагедияның барлық қыр-сырына қатты үңіліп өздерінше пайым шығаратыны анық.
Ақпараттық соғыста қалың бұқараның пікірі кез-келген жаққа ойысып кете береді: әйгілі Геббельс айтып кеткендей, өтірігің неғұрлым ұлы болған сайын, халық соған соғұрлым сенгіш келеді.
Әблязов дайындап отырған кезекті ақпараттық шабуылдан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қалай қорғанбақ? Тағы ба facebook пен интернетті өшіре ме?
Ақпарат министрлігіндегі шенділер интернетті шектеу арқылы ауруды одан сайын асқындырып жүргендерін түсінбейді.
Ақпарат министрлігі бұған дейін талай соғыста жеңіліп қалған, осы жолы да жеңіледі.
Арыс трагедиясын пайдаланып, қазақстандықтардың санасын жаулау соғысында тағы да Әблязов пен оның командасы жеңіп шықпақ.
Мен сырттағы бақылаушы ретінде шынын айтайын: — Ақпарат министрлігінің шенеуніктері мен Аблязов командасы арасындағы тартысқа ставка қабылдайтын букмекерлік кеңсе болса – мен министрліктің жеңісіне көк тиын да тікпес едім.
Ақшамды жөнсіз шаша беретін бай емеспін.
Өзім үшін ғана айтамын. Арыс трагедиясы бойынша ашық дереккөздерде жарияланған фактілер қорымен-ақ бүкіл Ақпарат министрлігін тас-талқан етіп тастауға болады. Егер Әблязов жағында болғанымда – министрлік құрыды дей бер.
Қызық өзі. Сіз қайтер едіңіз? Менің оқырмандарымның арасында өзінің адал еңбегімен тапқан ақшасын осы ақпараттық соғыста Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жеңісіне тігетін біреу бар ма?
Алтынорда. Қазақстан жаңалықтары
[:]