АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Серік Мәлеев. Арыс ұрысы. Бұл соңғы, шешуші соғыс…[:]

[:kz]

Мен Әблязовқа сенбеймін. Ол – ұлы, алаяқ. Бұған ешкім күмәнданбайтын шығар. Ақша үшін серігі Ержан Тәтішевті өлтірді, халықтың ақшасын ұрлап кетті. Осы екі фактінің өзі жетіп жатыр. Ол режиммен қанша күрессе де, билікті басып алуға талпынса да ұры болып қала береді.

Ақшадан өлген ұрыдан, қылмыскерден не қайыр күтеміз?

Кешіріңіздер, билікке мұндай кандидаттың таласқанын қаламаймын.

Қазақстандағы саяси күрестің шындығы

Екінші жағынан, Әблязовтың артынан ергендерді де сынамаймын. Олар – мемлекеттегі жағдай дереу өзгеруі үшін Әблязов түгілі сайтанның артынан еріп кетуге дайын.

Шындық қашан да ауыр. Елде саяси күрес жүріп жатыр. Сол күресте кім жеңеді – сол елдегі билікті алады.

Сондықтан, қазір Қазақстанда өршіп отырған идеологиялық соғыста Мұхтар Әблязовтың кәдімгідей жоғары шансы бар.

Айтарлықтай жоғары. Ол барған сайын өз қатарын көбейтіп келеді. Қазір оның идеологиялық соғысының басты бағыты Арыс үшін арпалысу болмақ.

Нұр-отандық тролльдар, нұрботтар бар екенін білеміз. Неге екенін, Әблязовтың да боттары бар екені туралы ешкім айтпайды.

Олар енді биліктің бар әрекетін қаралау үшін барын салады, аянып қалмайтыны анық. Халықтың санасын оятып, саяси күшті өз жағына қарай ойыстырып алмақ. Олардың жұмысының жемісі көзге анық көріне бастады.

Мен де билікті оңдырмай сынаймын. https://www.altyn-orda.kz/kz/serik-maleev-kr-prezidenti-kasym-zhomart-tokaevka-ashyk-hat-ministr-dauren-abaevty-ulttyk-mazaktan-kutkarajyk/ https://www.altyn-orda.kz/kz/serik-maleev-ablyazov-arys-tragediyasyn-tiimdi-pajdalanady-olar-tagy-zhenetin-boldy/

Билікті біліксіздігі үшін, олақтығы үшін, миллиондаған қазақстандықтардың көңілін табатын нақты стратегиясының жоқтығы үшін сынаймын.

Мен елдегі жағдай туралы ашық айтамын, шын айтамын. Қазіргідей саяси қысылтаяң тұста шындықты айтпасқа болмайды. Содан болар, қазір маған көп қысым жасалуда.

Менің «Алтынорда» интернет-ресурсымды жауып тастау армандары.

Шындығы үшін «Алтынорда» көрінгеннен таяқ жеуде.

Баспасөзде қырық жылдық тәжірибесі бар журналист ретінде менің елді қазіргі ақпараттық дағдарыстан шығаратын нақты тстратегиям бар. Бірақ Ақпарат министрлігі маған сенбейді.

Сенсе, мені бұлайша аяқтан шалмас еді.

Менің өзім жеке танитын кәсіпқойлардан тұратын шағын командам іске кіріссе – жағдай өзгеше болар еді.

Бірақ Ақпарат министрлігіндегі қазіргі шенеуніктер тарапынан қолдау жоқ, болады дегенге сенімім де қалмады. Енді мен Арыс үшін және елдің болашағы үшін өз соғысымды бастаймын. Жалғыз өзім. Алдымен Мұхтар Әблязовтың кім екенін көрсетуден бастамақпын. Қолы қанды ұры ол – Әблязов туралы айтарым осы ғана.

Менің күресім

Қазір Қазақстанның билігіне интеллектуал, парасаты мол, аты ластанбаған адам – Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Оның алғашқы қадамдарын көріп отырмыз.

Мен Тоқаевты неге қолдаймын? Міне, оқып шығыңыз. https://www.altyn-orda.kz/serik-maleev-koalitsiya-horoshih-parnej-ili-pochemu-ya-podderzhivayu-kasym-zhomarta-tokaeva/

Қазақстанда Жақсы жігіттер коалициясы бар. Олар ұлтқа, әлеуметтік жағдайына қарап бөлінбейді. Қасым-Жомарт Тоқаев – сол коалицияның өкілі. Оны қолдаймын.

Бірақ қолдау деген оған дауыс беріп, сосын ұмытып кету емес.

Жоқ. Бұл жерде біз өз болашағымызды таңдаймыз. Балаларымыздың болашағын. Болашақ үшін, таңдау үшін қашан да күресу керек.

Менің күресім осы. Дәл бүгін мен кісі өлтірген ұры Әблязовты қолдай алмаймын. Ешқашан.

Ендеше, мен аңғал халықты алдап, Қазақстанда билікке Әблязовтың келмеуі үшін барымды саламын.

Осы ісімнің жолында радикалды оппозиционерлер мен биліктегі ақылы қысқа шенеуніктермен үлкен күрес бастаймын.

Дауысын кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген барша отандастарымды да осыған шақырамын.

Алтынорда. Қазақстан жаңалықтары.

[:]