АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Серік Малеев. Қазақтар қалай және кімнің арқасында өзінің тәуелсіздігін күшейтуде[:]

[:ru]

images-2Биылғы жылы 381 мың бала мектеп табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында алатын білімдері олардың қалыптасып жатқан әлемдік көзқарасының берік іргетасы болады. Біздің тұлға болып қалыптасатын ертерек кезеңдегі білім негізін кейіннен қайта шыңдау қиынға түсетіндігі менің ашқан жаңалығым емес.  Бәлкім, менің көптеген замандастарым, елуінші жылдардың ұрпақтары коммунистік идеалдарға әлі де берік сенетіндіктері сондықтан шығар.

         Тіпті біз миллиондаған адамдардың қырылуына кінәлі коммунистік режимнің қатыгез қылмыстары туралы толықтай ақпараттарды білеміз, алайда кейбіреулеріміз әлі де болса мектеп қабырғасында жадымызға сіңіріп тастаған мейірімді Ленин ата мен Кеңестер елінің бақытты өмірін елестетумен өмір сүруде. Бірақ бұл біз, ал біздің балаларымыз бен немерелеріміз басқаша өсіп жатыр. Олар үшін Тәуелсіздік – бос сөз емес. Олар өз отанын сүюге, өзінің тарихы мен мәдениетін, өзінің ана тілін сүюге тәрбиеленуде. Олар үшін кеңестік өмірді сағыну деген түсініксіз, оларға жат нәрсе. Олар – біздің болашағымыз. Олар – нағыз Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары.

 

[:kz]

[:en]

[:]