АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

[:kz]Серік Мәлеев. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат: – министр Дәурен Абаевты ұлттық мазақтан құтқарайық[:]

[:kz]

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы

Қуанышты жаңалығым бар. Мені, қырық жылдық журналистік стажы бар журналисті министр Абаевтың Нұр-Сұлтандағы есептік кездесуіне шақырды. Мені шақыра қалуына сіздің ықпалыңыз болған шығар деген үмітімді жасырмаймын, Сізге сол үшін шын жүректен алғысымды айтамын.

Осы сәтті пайдаланып, Қазақстанның қазіргі ақпараттық алаңында орын алып отырған жағдаймен Сізбен, «Алтынорда» оқырмандарымен бөліскім келеді. Қазіргі дағдарысты еңсерудің қандай шұғыл шаралары қажет екенін менің көзқарасым арқылы да көре салған артық болмас деп ойлаймын. 
Отан үшін отқа түсем
Бұған дейін мен «Кто, как и зачем толкает народ на баррикады» деген тақырыппен (https://www.altyn-orda.kz/serik-maleev-obrashhenie-k-prezidentu-kazahstana-kasym-zhomartu-tokaevu-kto-kak-i-zachem-tolkaet-narod-na-barrikady/) президентке хат жаздым. Елім үшін қалай күйіп-піспеймін? Онда журналистикаға қатысы жоқ, бұрын балабақшада тәрбиеші болған Ақпарат министрлігіндегі бір шенеунік-әйелдің маған шүйлігіп, «Алтынорда» интернет-ресурсына өз үкімін шығарып қойғанын жаздым.

28 маусым – біздің елде Журналистика күні деген мереке. Әрине, мені оған шақыра қоймас, бұл қазір «балабақша тәрбиешілерінің мерекесі» сияқты болып кеткен.

Айтарым мынау

Мен бұрын «Казахская правда» газетінде Алдан Айымбетовтың қол астында жұмыс істедім.

Ақсақал жарықтық мықты кісі еді, асқан интеллектуал болатын.

Біздің мақсатымыз – сол кезде кеңестік санамен ойлайтын қазақстандықтардың өз санасын ояту еді, қазақтың санасын салу еді.

Біздің газетіміз шыған. Талай соғыстық. Алдан Айымбетов «Караваны» бар, «Мегаполис», «Аргументы и Факты», «Время» сияқты қазақстандық ірі басылымдармен соғыс жүргізді.
Олардың қазақты кемсіткен кез-келген тұсын көргенде Алдан аянып қалмайтын.

Қазір қарасам, марқұм Алдан Айымбетов өз міндетін тамаша орындаған екен.

Қазіргі қоғам қандай, сол кездегі қоғам қандай еді? Алдан ақсақалдың ерен еңбегі жатыр мұнда.

Мұны неғып айтып отырмын? Қазір байқасам, «Казахская правда» сияқты оппозициялық ресурстар негізінен қазақстандықтардың санасын «жөндеуге» жұмыс істейді екен. Бірақ қазіргі оппозиция өз міндетін басқаша түсінеді. Билікті күрт сынап, халықтың ызасын тудыруда.

Біздің ақпарат министрлігінің қолында аса қуатты мемлекеттік БАҚ-тар тұр. Алайда олардың бәрі ақпарат алаңында «Бәсе» сияқты оппозициялық басылымнан оп-оңай жеңіліп қалады.

Бұған дәлел ретінде 9 және 10 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда өткен митингтерді келтіруге болады.

Ал әлеуметтік желілерді қараңыз, билікті сойып, терісін сыпырып алуға дайын отыр халық.

Ал бұл – өте қауіпті қоғамдық тренд. Дер кезінде араласпаса – жағдай уыстан шығады.
Халықтың сенімі әйнек ыдыс сияқты, бір сынса – қайта жамап алуға жарамайды.

Әблязов қанымызды әбден ішті

Қазір біздің Ақпарат министрлігі миллиондаған қазақстандықтардың делебесін қоздыратын Мұхтар Әблязовпен қалай күресіп отырғанын білетін шығарсыз? Тиімді әдіс таппай отыр. Бас салып әлеуметтік желілерді бұғаттайды.

Осылайша қашқын-оппозиционердің ұпайы артып, өзін ақпарат алаңында жеңімпаз сезінуде.

Сосын министр Дәурен Абаев шығып, интернеттің бұғатталуына министрліктің қатысы жоқ деп, көзімізді бақырайтып қойып өтірікті соғады. Мазаққа қалады, өте ұят. 
Ұлттың масқарасы шығып отыр: Қазақстанның Ақпарат министрлігі ақпарат алаңында айдалада отырған қашқын олигархқа қарсы интернетті өшіруден басқа түк істей алмай отыр. 
Бұл – қараптан-қарап қазақ билігінің әлсіздігін әшкерелеу.

Дәурен Абаевқа қарсы жеке ренішім жоқ. Жақсы адам шығар, үлгілі отағасы болар.

Бірақ оның нағыз журналистикаға қатысы жоқ. Содан шығып отыр оның проблемасы.

Дәурен Абаев кезінде дипломатиялық мектеп бітірген. Дипломат ретінде мықты болатынына күмәнім жоқ.

Өкінішке қарай, ол журналист емес. Ақпараттық соғыста тәжірибесі жоқ.

Мені сынап шыққан бұрынғы тәрбиеші, қазіргі Ақпарат вице-министрі Нұргүл Мауберлиновада да ондай тәжірибе жоқ.

Бұл масқарадан қалай құтыламыз?

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы

Ақпарат министрлігінің басшылығына өз ісіне шын мықты, тыңдай білетін, түсіне білетін журналистер келсе – қуанышымда шек болмас еді.

Мен өз тарапымнан журналистикадағы бай тәжірибемді салып, елдегі саяси жағдайды болашақта тұрақтандырып қана қоймай, ақпарат алаңындағы күрестен мемлекетті сөзсіз жеңімпаз етіп шығаруға жол ашатын бірқатар шаралар кешенін ұсынуға дайынмын.

Ең бастысы, бұл шаралар мәрттік болады, біреуді қамап, интернетті өшіріп, басқа да сорақы әдістерсіз. Журналистік технологиялар аясында ғана.

Сол себепті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен Сізден жеке кездесу ұйымдастыруды сұраймын. Сізбен бұл технологиялармен бөліспекпін.
Сіз – кемел адамсыз, оның тиімділігі мен қажеттігіне өзіңіз көзіңізді жеткізесіз.

Қазақстан жаңалықтары. Алтынорда.

 

 

[:]