АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ш.Қалдаяқов ауылында жолдар жөнделеді[:]

[:kz]

Ш.Қалдаяқов ауылында жолдар жөнделеді.

Қарғалы аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan»  партиясынан үміткерлер — Сапарбек Аманжолов, Жанна Мустафина,  Дмитрий Черненко мен Асан Балгазин Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындармен кездесіп, партияның аудандық сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Басқосуда кандидаттар елді мекенде Желтау ауылдық округінде 200 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауар фермасының құрылысына, 1 мың бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысына, Петропавловка ауылында қуаты 400 тонна 2 көкөніс қоймасын салуға, Петропавловка ауылында қуаты жылына 200 тонна ет өңдейтін цех ашуға және Желтау ауылдық округі аумағында жайылымдар мен егістіктердің мақсаттарын өзгерту жолымен суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен 9,8 мың гектарға дейін кеңейту мәселелері көтерілді.

             С.Аманжолов партияның аудан бойынша сайлауалды бағдарламасында айтылған бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 негізгі басым бағытты назарға алды. Өздеріңіз білесіздер, партия жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл—ел бесігі» жобаларын іске асыруға өз үлесін қосып келеді.

Д.Черненко – партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған басым бағыттардың бірі — өңірде кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша келер жылдары жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып берді.

             Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында алдағы бес жылда ауданда көптеген жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, қазіргі таңда пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын дамыту үшін өңірде жергілікті бағдарламаны қабылдау қолға алынуда деді Д.Черненко.

             Ж.Мустафина – сапалы білімге оның барлық деңгейінде қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Коронавирустық пандемиядан туындаған жағдайды ескере отырып, білім беру процесінің бір бөлігі онлайн форматқа көшті. Қашықтықтан оқыту формасы сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтары отбасынан 280 баланы компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге, пәндер бойынша мұғалімдер тапшылығын төмендету үшін «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы негізінде көтермеақы және тұрғын үй  сатып алуға жеңілдетілген несиелер  бере отырып, жас мамандарды тартуға қол жеткізу жоспарланған.

             Негізгі басымдық — қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында ауданның  интернет желісіне ауқымды қосылуы. Бүгінгі күні 15 ауылдық елді мекеннің  11-і, немесе 73,3%  интернетке қол жеткізіп отыр. Халықты компьютерлік және цифрлық сауаттылық негіздеріне жыл сайын кемінде 100 тұрғынға оқытуға ықпал етілгендігі жайлы А.Балгазин ақпарат берді.

Кездесу соңында С.Аманжолов үміткерлерге сайлаушыларға 2021 жылдың 10 қаңтар күні сайлау учаскілеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

                   «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

[:]